понедельник, 16 февраля 2015 г.

Оқылым мәтіндері мен тапсырмалары
6-сынып L1
1-мәтін
Достық туралы
        Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
-Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық та, екіншісі – амал достық.
Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажыратамыз? –дегендерге:
-Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, -деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
                                                                                                  «Ел аузынан» кітабынан
1. Мәтінде Әйтімбеттің қандай қасиеті ерекшеленеді?
А) тапқырлығы
В) батылдығы
С) сабырлығы
Д) даналығы
2-мәтін
«Қара тас»
Мейір бесінші  сыныпта озық оқып жүр еді, бір күні сәтсіздікке ұшырады. Сырғанақты көбірек теуіп, есептен үйге берген тапсырманы орындамай, сол күйінде мектепке барды.
Күнде тыным таппайтын қолы бүгін көтерілмей, мұғалім алдында өзінен-өзі қысыла берді.Мұны байқап қалған мұғалім дереу келіп Мейірдің дәптерін қараса, тапсырма орындалмаған. Күнделікке « екілік» баға қойылды. Мен Мейірді үйге қайтқан кезінде кездестірдім. Сөмкесін жерге сүйрете жаздап, әрең көтеріп келеді.
- Сөмкеңді неге көтеріңкіреп ұстамайсың?-дедім мен.
            - Хамит аға, бұл бүгін ауырлап кетті, мұның ішінде зілдей «қара тас» жатыр, -деді де жабырқау күйінде үйге беттеді.
                                                                                                    /Х.Ерғалиев/
2.Баланың көңілі неге жабырқау?
А) шаршағаннан
В) ұялғаннан
С) тоңғаннан
Д) ауырғаннан
3-мәтін
Шие неге қызыл
Сонау ерте кезде бір аңшы болыпты. Ол аң, құс біткенді аямай ата беріпті. Көп ұзамай бұл өңірде жүгірген аң, ұшқан құс қалмайды.
         Күндердің күнінде сол аңшының ауласындағы шие ағашына бір көгершін қонады. Ол  кезде шие жемісінің түсі сары екен. Ұзақ жолдан, жылы жақтан қанаты талған көгершін демалып отырады. Көгершінді көрген аңшы дәлдеп атады. Жазықсыз құстың қанына боялған шие жемісі содан бері қып-қызыл болып кетіпті.  
                                                                                                    «Балдырған» журналынан                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
3. Мәтін қай үлгіде жазылған?
А) аңыз
В) әңгіме
С) ертегі
Д) эссе
4.Мәтіннің тақырыбы қандай?
А) табиғатпен мақтану
В) табиғатты қорғау
С) табиғатты құрметтеу
Д) табиғатты сүю
                                                                
 4-мәтін
Балмұздақтың  тарихы
       Балмұздақты үлкеніміз де, кішіміз де жақсы көреміз. Бірақ оның шығу тарихын ешкім біле бермейді.
Еуропада  балмұздақтың  пайда болуын тарихшылар Марко Полоның есімімен байланыстырады. Белгілі жиҺанкез  Италияға алыстағы елдерден  тағам жасау  өнерінің көптеген құпияларын алып келген.
        Олардың ішінде  қытайлықтардың  тоқ  басар тағамы – балмұздақтың  жасалу әдісі де бар еді. Бірақ бұл тағамның  жасалу жолы  бірнеше жыл құпия  сақталып келген. Италия бекзадаларының, кейінірек Франция королінің  сарайларында болатын сән-салтанатта  ғана жұрт балмұздақтың дәмін тататын. Бірте-бірте  оның жасалу құпиясы ашылып, бұл тәтті тағам  Ресейге ХҮІІІ ғасырда келіп жетті.
                                                                                                  «Балдырған» журналынан
5. Балмұздақтың Отаны қай ел?
А) Италия
В) Ресей
С) Қытай
Д) Англия
                                                                       5-мәтін
Шаңырақ
       Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан ұрпаққа ата-бабалар ...., күші жалғасады деседі.
Шаңырақ –үй, әулет мағынасында да пайдаланылады. Әулет дәстүрі бойынша ұлдар әкенің үйінен бөлініп, жеке шаңырақ .... болып қалады. Әкесі мен шешесін ....... ұл асырайды.
Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері тозса, оларды жаңалайды, ал шаңырақты сақтайды. Ошақ түтінінен ол қараяды, сондықтан оны «қара шаңырақ» деп атайды.
6.Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады? /3 -сөйлемде/
А) рухы
В) мінезі
С) дәстүрі
Д) салты
7. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады? /5 -сөйлемде/
А) ағасы
В) иесі
С) атасы
Д) анасы
8. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады? /6 -сөйлемде/
А) үлкен
В) ортаншы
С) кенже
Д) ақылды
9. «Қара шаңырақ» ұғымы нені білдіреді?
А) жаңа үй
В) үлкен үй
С) ескі үй
Д) ата-ананың үйі


                                                                6-мәтін
                                                         Ең қымбат сыйлық
Айгүл биыл   беске толады.  Әкесі мен шешесінен, ағасы Арманнан туған күніне неше күн қалғанын сұрап тұратын. Міне, бүгін көп күткен туған күні! Әкесі қуыршақ, шешесі көйлек әкеліпті.   Қарындасына Арман не аларын білмеді. Оның 47 теңгесі ғана бар еді. Дүкенге барды.  Ішін аралап  шықты. Бір уақытта «Әліппе» деген кітапқа көзі түсті.Ол кітап 45 теңге тұрады екен.  Кітапты алып үйіне келді. Әкесі мен шешесі сыйлықтарын Айгүлге беріп те қойған.  Қарындасына «Әліппені» ұсынды.  Әкесі мен  шешесі таң-тамаша болды. Екеуі де бір ауыздан: «Ең қымбат сыйлық –Армандікі!» Кітаптан қымбат нәрсе жоқ»,-деді. Мына сөзге Арманның төбесі көкке жеткендей болды.
10. «Төбесі көкке жеткендей» тіркесінің мағынасы қайсысы?
А) риза болды
В) ренжіді
С) қуанды
Д) қарсы болды
7-мәтін
Бернард Шоу және сұлу бикеш
Ағылшынның ұлы жазушысы Бернард Шоу бір күні өзі жас, өзі сұлу, бірақ ақылы аз бай әйелден хат алыпты. Әйел хатында жазушының жұбайы болуды армандайтынын жазыпты. «Егер біз үйленсек, балаларымыз маған тартқан сұлу, сізге тартқан ақылды болар еді». депті әйел хатында. Сонда түрі ұсқынсыздау, көріксіз Бернард Шоу:
«Бикеш, сіздің хатыңызды оқып, көп ойландым. Сіз айтқандай бола қалса жақсы ғой. Ал керісінше маған тартқан сұлу, сізге тартқан ақылды болса не істейміз?- деп жауап жазыпты.
11. Мәтіннен жазушының қандай қасиетін аңғарылады?
А) тапқырлығы
В) мақтаншақтығы
С) әзілкештігі
Д) мейірімділігі
8-мәтін
Ұн мен тұз
Бір сарайға ұн мен тұз қатар қоныс теуіпті. Тұзбен танысқан ұн:
- Мен ұнмын. Менен нан пісіреді. Дастархандағы ас атаулының төресі мен боламын,-депті мақтаныпты. Сонда тұз:
- Дұрыс айтасың. Бірақ мен болмасам, сенде ..... болмас еді ғой, -депті. Өзінің ағаттығын сезген ұн құп-қу болып, тұрып қалған екен. Осыдан кейін екеуі достасып, дастарқанда қатар жүретін болыпты.
                                                                   «Балдырған» журналынан
12. Мәтіндегі ұн мен тұзды сипатта:
А) мейірімді, әзілқой
В) қатаң, қатты
С) сараң,кірпияз
Д) мақтаншақ, ақылды
13. «Қоныс теуіпті» тіркесінің мағынасы
А) келіпті
В) орналасыпты
С) достасыпты
Д) кетіпті
14. Көп нүктенің орнына қандай сөз қойылады?
А) нәр
В) дәм
С) мән
Д)дән
15. Мақалды толықтыр.
Астың дәмін ........ келтірер.
А) қант
В) су
Д) тұз
С) бұрыш
16. Мәтіндегі «құп-қу» сөзінің мағынасы  қайсысы?
А) сарғайды
В) бозарды
С) қарайды
D) қызарды
9-мәтін
Менің  қарындастарым
         Бірде қолыма тамаша кітап түсті. Батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова жайында жазылыпты. Оқып шығып, ерліктеріне сүйсіндім.
Менің екі қарындасым бар. Біреуінің аты –Мәншүк, екіншісі –Әлия. Соларға қарап,батыр апаларым өз үйімде жүргендей қуандым. Қуана тұрып:
-          Маған да неге бір батырдың атын қоймадыңыз?-дедім әжеме. Әжем күліп алды.
Ұл бала өз ерлігімен, қайрат-жігерімен еліне танылуға тиіс. Әлия мен Мәншүктің ерлігі тылда еңбек етіп жүрген бізді жігерлендірген еді. Мына кішкене немерелерімді де солардың рухы жебесін деп ойладым. Екі батыр қыздың атын күн сайын үйімнен естіп отырғым келді,-деді ол. Мен әжемнің тапқырлығына сүйсіндім.

                                                                               «Балдырған» журналынан
17. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз
А) табиғат-алтын бесік  
В) менің қарындастарым
С) менің әжем күлді.
Д) әжемнің тапқырлығы
18. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды анықта.
А) туған жердің ауасы да ем
В) Қыз туса –елдің көркі
С) Көппен көрген ұлы той
Д) Батыр туса- ел ырысы,  жаңбыр жауса-жер ырысы
 19.«Рухы жебесін» тіркесінің  мағынасы  қандай ?
А) көмектессін
В) қолдасын
С) марапаттасын
Д) мақтасын
10-мәтін
        Көз - көру мүшесі. Адам көзбен қарап көреді. Көру арқылы заттың түсін, мөлшерін, пішінін, түрін ажыратады.
      Адам затты қолмен ұстап та  қатты, жұмсақтығын, неден жасалғанын айырады. Әр адамның көңіл күйін көзіне қарап байқауға болады.Көздің көру мүмкіндігін күшейтетін әр түрлі аспаптар да бар. Көз – адамның ........
20.Көп нүктенің орнына  қай сөз сәйкес?
А) белгісі
В) мінезі
С) үні
Д) айнасы

Қазақ тілі
Cынып: 6 L2
Мәтін 1
Мысықтың балалары үй төбесіндегі шатырдың астынан ескі портрет тауып алды.
-Қандай сұсты адам еді, - деді біріншісі.
- Неге олай дейсің, қайта екі езуіне күлкі үйірілген көңілді кісі емес пе? – деді екіншісі.
1. Олар неге келісе алмады?
А) Олар суретке екі жағынан тұрып қарады.
В) пікірлері сай келмеді
С) суретте ештеңе болмады
D) Ол адамның суреті болмады
Мәтін 2
            Балалар мектептен келе жатты да,  ағаштың басындағы  сары жапырақтардың жерге түсе бастағанын көрді. Ағаштардың маңайы сары жапырақтарға толы. Тек сонау шеткі ағаштың жанында жапырақтар аз.  Соны түсінген Асқар басқалардан: «Мына ағаштың басындағы жапырақтар неге түспеген?» - деді.
2. Асқардың сұрағына жауап беріңдер
А) жапырақтардың құрамындағы заттар өзінің қасиетін жоғалта бастады.
В) ағаштың жас ерекшелігіне байланысты.
С) қатты жел болмады.
D) бұтақтардағы ең соңынан шыққан жапырақтар күзде кеш түседі.

Мәтін 3
    Компас: «Адамдар маған адасқанда ғана қарайды», - деді. «Ал маған күнде қарайды», - деді ....
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой
А) сурет
В) айна
С) өзен
D) терезе
Мәтін 4
            Африка пілдері ағашқа немесе үйдің қабырғасына сүйеніп ұйықтайды. Үнді пілдері аяқтарын созып жіберіп, жатып ұйықтайды. Арыстан мен аю шалқасынан жатып ұйықтайды. Керіктер өте аз ұйықтаса, шимпанзе тәулігіне 12-13 сағат ұйықтайды.
4. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңдар.
А) үнді пілдері ұйықтағанда аяқтарын созбай ұйықтайды
В) арыстан шалқасынан жатып ұйықтайды.
С) керік шамалы ұйықтайды
D) шимпанзе өте ұзақ ұйықтайды
Мәтін 5
            Құмырсқа шөптің арасына төгілген бидай дәнін жинап жүр еді. Оның жанына қоңыз келіп: «Мынау жинап жатқаның не, құмырсқа?» - деді қоңыз. «Азығым ғой», - деді құмырсқа. «Азық жиғаның дұрыс-ау, бірақ дәннің бәрін ала бергенше, асылдарын ғана жинауың ғой. Барлығын жинап босқа еңбектенгенсің», - деді қоңыз.  Құмырсқа: «Біткен іске сынша көп болады» - деді құмырсқа.
5. Мәтін қай үлгіде жазылған?
А) диалог
В) аңыз
С) ертегі
D) эссе


Мәтін 6
            Дүние жүзінде өсетін ең биік субтропика өсімдіктерінің бірі – эвкалипт ағашы. Оның биіктігі 150 метрден асады. Жуандығы 30 метрге жетеді. Оның шыққан жері  - Австралия. Ол өте тез өседі.
6. Мәтіндегі оқиғалар тізбегінен қайсысы сәйкес?
1. Сипаттама                         А) 2,1,4,3
2. Ағаштың биіктігі              В) 3,4,1,2
3. Жуандығы                         С) 4,2,3,1
4. Шыққан жері                    D) 1,2,3,4
Мәтін 7
Дүние жүзіндегі ең ірі тасбақалар Малайзияда. Оның салмағы 1,5 тоннадай. Олар құмға жұмыртқа салады. Ең ұзын қолтырауын осында. Оның ұзындығы 10 метрге жетеді. Дүние жүзіндегі ең ең үлкен жарқанат та осында. Оның әрбір қанаты 1,5 метр. Ең ұзын питон жыланы да осында Оның ұзындығы 8,8 метр. Салмағы 150 килограмм.
7. Мәтіннің тақырыбы қандай?
А) құстар
В) алыптар
С) салмақтары мен ұзындығы
D) жыртқыш жануарлар
Мәтін 8
            .... – биенің ашыған сүті. Оны ашытып, баптау күрделі процесс. Қазақтар оны көбінесе жылқы терісінен жасалған сабада, торсықта ашытады. Оның сапасы ыдысына байланысты. Сабаны 10-15 күнде босатып, кептіріп, тобылғы түтініне ыстап алған жөн.
8. Әңгіме не туралы?
А) айран
В) шұбат
С) қымыз
D) ашыған сүт
Мәтін 9
Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын пісіріпті.
Бір күні ауылдың қыздары отын әкелуге шығыпты. Үйлеріне келе жатқанда, жаңбыр жауып кетеді. Үш қыз отындарын арқалап, үйлеріне жүре береді.
Жетім қыз ескі шапанын шешіп, отынның үстіне жауыпты. Алыстан келе жатқан жолаушылар мұны көріп: «Ана балалар ауылға кетіп қалды ғой. Сенің мынау отырғаның не?», - деп сұрапты. Сонда қыз : «Бара берсін. Отындары су болады», - деп жауап берді.
9. Қай абзацта жетім қыздың тапқырлығы көрінеді?
А) үшінші
В) екінші
С) бірінші
D) ешқайсысында
Мәтін 10
            Желтоқсан – қыстың алғашқы айы. «Жел» және «тоқсан» деген түскі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді және боранды деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Желтоқсанның 22-інде күн барынша қысқарады.
10. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?
А) үш ай желді және боранды болады
В) күн қысқарады
С) сөздеодің бірігуі арқылы жасалған
D) үш ай желсіз, борансыз болады.

Мәтін 11
            Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерін зерттеген. Су барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен музыканы қабылдайтынын дәлелдеген. Дәрігердердің айтуынша, сумен емделудің  әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен ..., кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі.
11. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?
А) алып
В) қайнатып
С) қатырып
D) құйып
Мәтін 12
            Егер бір күн дүйсенбіден кейінгі, немесе бейсенбінің алдындағы демалыс күні  болмаса, ал ертеңнің арғы күні сенбі болмаса және кешенің арғы күні сәрсенбі болмаса, бұл қай күн?
12. Сұраққа жауапты табыңдар
А) сейсенбі
В) жұма
С) жексенбі
D) бейсенбі
Мәтін 13
            Бір адам жұмысқа орналаспақшы болып, киімін, галстугін, тағып, үйден шығып бара жатқанда 4 жасар қызы ойыншық сиырды ұстатты. Ол ойыншықты қалтасына салып, жұмысқа орналасуға кетті. Компания басшысы: «Біздің жұмыста түрлі бассыздықтар болады, сіз одан өте аласыз ба?», - деді. Сонда сол адам ойланып, «Менің қалтамда сиыр бар!» деп қалтасындағы ойыншық сиырды алып, үстелдің үстіне қойды. Тыныштық орнады. Сосын барлығы ду күлді. Осылайша ол жұмысқа орналасты.
13. Неліктен ол адамды жұмысқа қабылдады?
А) себебі, ол оларды таңғалдырды
В) себебі, ол сұрақты түсінбеді
С) себебі, оны қабылдағысы келмеді
D) себебі, оның ойыншығы болды
Мәтін 14
            Есік алдында бір Бидай мен Жүгері таласты да қалды. «Мен ірімін!» - деді Бидай. «Жоқ, мен!» - деді Жүгері. Айтыс аяқталмай қалды. Әтеш келді де, екеуін шоқып, жұтты да жіберді.
14. Мәтін мазмұнына қай мақал  сәйкес?
А) аз сөз – алтын, көп сөз - күміс
В) еңбекпен табылған нан тәтті
С) жақсымын деп мақтанба
D) жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мәтін 15
            Биік таудың арасында кең алқап бар. Көктемде алқапқа қызғалдақ, сарғалдақтар шығады. Мөлдір сулы тау өзені ағып жатады.  Айнала жап-жасыл. Табиғаты тыныш, тек жануар мен құстардың даусы анда-санда шығады.
15. Мәтінге қай тақырып сәйкес?
А) Жануарларды сипаттау
В) Көктемді суреттеу
С) табиғатты суреттеу
D) өсімдіктер әлемі


Мәтін 16
            Қар түгел ериді. Ағаштар бүршік жарады. Өзеңдер сеңнен арылады. Шымшық, тырна ұшып келе бастайды. Көкек шақырады. Егісте жер жыртылып, бақшалар егіледі. Жас ағаштарды отырғызады.
16. Мәтінде қай ай туралы сипатталған?
А) наурыз
В) сәуір
С) мамыр
D) қыркүйек
Мәтін 17
            Біздің ормандарымызда терісі бағалы аңдар көп. Олардың бірі – түлкі. Түлкінің бірнеше түрі бар. Қазақстанда қызыл және қара күрең түлкі ғана бар. Ал түлкінің ең асылы – қара сұр түлкі. Бұл суық жақтағы орманда, Енисей өзені бойында болады.
17. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?
А) Қазақстанда түлкінің түрлері өте көп
В) Терісі бағалы аңдар мол.
С) Түлкінің ең асылы – қара сұр.
D) Олар Енесей бойында өмір сүреді.
Мәтін 18
            Алматының хайуанаттар бағында салмағы бір центнер тасбақа бар. Оның үстіне балалар мініп алып серуендейді. Ол үлкен кісіні де көтереді. Ол көкөністі, жемісті, көк пиязды ерекше ұнатады. Ол сүт ішеді, кейбір күндері ол 10 литрге дейін су ішеді.
18. Әңгіме қай сөздермен аяқталады?
А) демалады
В) тамақтанады
С) шайнайды
D) сусындайды
Мәтін 19
            Бір бала қой бағып жүріп: «Ойбай, құтқар! Қасқыр! Қасқыр!» - деп айқай салады. Үлкендер жүгіріп келсе, онысы өтірік екен. Бала осылайша жұртты 2-3 рет  алдады. Ақыры бірде шынымен қойға қасқыр шапты. Бала әдеттегідей көмек шақырды, бірақ үлкендер оған құлақ аспады. Осылай қасқыр бүкіл отар қойды талап уетті.
19. Асты сызылған сөздің баламасын табыңдар
А) шын
В) жалған
С) рас
D) келу
Мәтін 20
Ауа-райын жан-жануарлар қалай сезеді?
            Көбелектер қараңғы жерге барып, қанатын салбыратып жасырынса, 2 сағаттан кейін жаңбыр жауады. Күндіз үкі шақырса, жауын жауады. Күздігүні үйрек қайтпаса, күз ұзаққа созылады. Бақалар судан құрғаққа шықса, жауын болады.
20. Мәтінде жауабы бар сөзді көрсет
А) үйрек қайтпаса, күз ұзаққа созылады.
В) көбелектер болмас, күз ұзаққа созылады.
С) Үкі шақырмаса, жауын жауады.
D) бақалар судан шықпаса, жауын болады.






Жауап кілттері

6 L 1

1. А
2. В
3. А
4. В
5. С
6. А
7. В
8. С
9. D
10. С
11. А
12. D
13. В
14. В
15. D
16. В
17. А
18. D
19. В
20. D

6 L 2

  1. А
  2. D
  3. В
  4. А
  5. С
  6. D
  7. В
  8. С
  9. А
  10. D
  11. С
  12. В
  13. А
  14. С
  15. С
  16. В
  17. А
  18. D
  19. В
  20. А
































9 комментариев:

  1. freemake video converter crack Thanks for sharing such great information, I highly appreciate your hard-working skills which are quite beneficial for me.

    ОтветитьУдалить
  2. Thanks for sharing such great information, I highly appreciate your hard-working skills which are quite beneficial for me. Paragon Hard Disk Manager Crack

    ОтветитьУдалить
  3. Acronis True Image 2022 Crack is a splendid program; you want to save a duplicate to the right area, as it will naturally make a duplicate on a timetable or at the suitable time, and in this area, you presently don't have to stress over whether or not you have a new duplicate… Among different things, the hunt framework has been improved; you can now effectively look for the records you really want in the document and view them rapidly. Besides, Acronis True Image would now be able to work with more natural ZIP designs notwithstanding its filing design, which might seem, by all accounts, to be a huge improvement to many. Many individuals have seen that the UI has likewise changed fundamentally; it will be more helpful and wonderful to work with.

    ОтветитьУдалить